Posted on Мам 14, 2012 by erbahit

Қызылжарда «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ журналистикасына жаңа медиа технологияларын енгізу» тақырында үш күндік семинар-тренинг өтті. Интернеттің мүмкіндіктерін үйренуге Астана, Қостанай, Көкшетау, Павлодар және Қызылжар қалаларының журналистері жиналды.
…read more
Filed under: Анау-мынау, Мен және..., Қызылжар | | 2 Comments »
Posted on Мам 13, 2012 by erbahit

Спорт журналисі Несіп Жүнісбай ағамыз мамырдың 26-27 күндері Астанада шағын футболдан “Бір атаның балалары футбол ойнайды” жарысын өткізгелі жатыр. Футболды серік еткен отбасылар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналмақ. Ала доп десе ас ішуді ұмытып кететін мен де бауырларымды ертіп осы турнирге қатысуға ниет етіп отырмын. Тек жол ақысы, тұратын орын, футбол формасын сатып алу, жарысқа қатысу жарнасы сияқты шығындарды өз қалтаңнан шығаруың керек екен. Қызылжардың намысын қорғағалы отырған “Байғазының балалары” командасына демеуші боламын деген азаматтар болса алғыстан басқа айтарым жоқ. Онлайндағы мекенім: erbahit@mail.ru, телефоным: 87013898813. Хабар күтемін.
Filed under: Мен және..., Спорт, Қызылжар | Tagged under ата, Байғазының балалары, демеуші, футбол | No Comments »
Posted on Мам 11, 2012 by erbahit
Posted on Мам 10, 2012 by erbahit

"Жеңіс" ОРБЖСМ командасы (1995-96 ж)
Қызылжарда Жеңіс күні мерекесіне орайластырыла футболдан облыс әкімінің кубогы үшін жарыс өтті. Барлығы 41 команда жас ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөлініп сынға түсті. Кездесулер облыс орталығындағы “Қарасай” және “Жастар” стадиондарында өтті. 1997-1998 жылдары туған оқушылар арасында үшінші орынды Қызылжар ауданының командасы жеңіп алды, екінші сатыға футболдан БЖСМ командасы орналасты. Ал облыс әкімі Серік Біләовтің кубогы және 50 мың теңге сыйақыны “Жеңіс” ОРБЖСМ тәлімгерлері иеленді. …read more
Filed under: Спорт | Tagged under Жеңіс, команда, футбол | No Comments »
Posted on Мам 6, 2012 by erbahit

Данагүл Әл-Қожа
Құрметті группаласым Данагүл! Сені Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Сені құттықтауға ұялып отырмын, асылында сен мені құттықтауың керек еді ғой. Бірақ мен әскерге барған жоқпын, қару ұстап Отанымды қорғамадым (ертерек үйленіп кетіп, әскер қатарына алынбадым дегенім ғой). Сондықтан келер жылдан бастап мемлекеттік мерекелер қатарына қосылуға үмітті 7 мамырды мен өзімнің мерекем деп айтуға аузым бармай отыр. Ал сен болсаң әскери киім киіп, күнде таңертең сапқа тұрасың, қару ұстап , атыс алаңына барасың. Айлап оқу-жаттығу жиындарында жүресің. Кейбір еркектердің қолынан келе бермейтін іс-әрекеттерді сен атқарып жүрсің. Қазақтың Әлия мен Мәншүктей батыр қызы бол деген тілек білдіремін.
Группаласың Ербақыт.
Filed under: Анау-мынау | Tagged under 7 мамыр, Данагүл, Отан, әскер | 7 Comments »
Posted on Ақпан 4, 2012 by erbahit

аристон
Құрметті достарым, мынау мақаланы намыс.кз сайтынан алдым. Мақсатым – мен оқығанды Сіздер де оқысын деген ниет қой. Тақырыбына қарап, оқымай қойып жүрмеңіз. Мен аристон сатып жүрген жоқпын. Бұл мақаланың авторы да аристон саудасымен айналыспайды. …read more
Filed under: Анау-мынау | | No Comments »
Posted on Ақпан 4, 2012 by erbahit

Қорықсаң, көршіңнен қорық
Қызылжар полицейлері жарты жыл бұрын ерекше бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. «Көршілік бақылау» деп аталады. Көршіңіздің жүріс-тұрысы күдікті көрінсе, бірден полицияға хабарлайсыз. Күдігіңіз негізсіз болып жатса, жалған ақпарат бергеніңіз үшін сізді ешкім жазаламайды. Ал берген ақпаратыңыз дәлелденсе, сыйлық аласыз. Алғашында бұл бағдарлама тату-тәтті отырған құдайы көршілердің арасына «ши жүгіртеді» деген қауіп те болды. Дегенмен қырағы ауылдастардың арқасында талай қылмыстың беті ашылып үлгеріпті. …read more
Filed under: Анау-мынау, Қызылжар | | No Comments »
Posted on Ақпан 4, 2012 by erbahit

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Қызылжар өңірінде 33 мектеп салыныпты. Қуанып қалдым. Бірақ статистика департаментінің мына мәліметін көргенде көңілім су сепкендей басылды: 1999 жылы облыста 780 мектеп жұмыс сітеп тұрыпты. Бүгінде білім ордаларының саны 612 ғана. Өзіңіз қосу мен алу амалдарын қолданып көріңіз. …read more
Filed under: Cын садағы, Анау-мынау, Қызылжар | | No Comments »
Posted on Қаңтар 24, 2012 by erbahit
Достастық кубогы жолындағы жарыс 1/4 финалға аяқ басты. Бұл бәсі төмендеу турнир болған соң ба телеарналар да көп жарнамалай қоймайды (“Мир” телеарнасынан басқалары). Жыл сайын КСРО құрамында болған 15 елдің чемпиондары қатысатын, ал биыл аталмыш мемлекеттердің 21 жасқа толмаған жігіттерінен құралған ұлттық командалары күш сынасуда. …read more
Filed under: Спорт | | 1 Comment »
Posted on Қараша 13, 2011 by erbahit

Мен неге жыладым?
Илья Ильин әлем чемпионы атанды. Олимп шыңын бағындырған спортшы үшін жаһандық жарыста топ жару қатты қуана қоятындай жеңіс емес. Дегенмен, Илья үшін Париждегі жарыс бұған дейінгілерінен маңыздырақ болғанға ұқсайды. Пекинде алтын алғанда да бұлай толқымап еді. Бұл жолы көз жасына ерік берді. Батырды жылатқан нендей жағдай? Әнұранның әсері ме? Әлде Ильяның спорттық болашағына крест қойған, тиісті жалақысын да төлемеген біздің кейбір шенеуніктердің әрекеті есіне түсті ме екен? Сіздер не ойлайсыздар, достар? Ильин неге жылады?
Filed under: Анау-мынау, Спорт | Tagged under Илья Ильин, Париж, Пекин, Әнұран | 5 Comments »